Өшпес есімдер
14.11.2025
14 қарашада Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК қызметкерлері Қазақстан халық партиясы ұйымдастырған іс-шара аясында Ш.Уәлиханов пен М. Дулатовқа арналған екі кітап көрмесіне шолу жасады.
Іс-шараға қатысқан қаланың оқу орындарының студенттері осы көрнекті тұлғалардың Қазақстанның ғылымына, әдебиетіне және қоғамдық ойына қосқан үлесін көрсететін бірегей материалдармен танысуға мүмкіндік алды. Соңында ұйымдастырушылар кітапханашыларға қызықты әрі жан-жақты әңгімелері үшін алғыстарын білдірді.