«Дархан дарын иесі»
17.11.2025
Өлкетану әдебиеті бөлімі назарларыңызға жазушы, журналист, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Сапабек Әсіпұлының туғанына 100 жыл толуына арналған кітап көрмесін ұсынады.
Сапабек Әсіпұлы Қостанай облысының Алакөл к. дүниеге келген, Құрлық әскерлерінде қызмет еткен, Ұлы Отан соғысының түрлі майдандарындағы шайқастарға қатысқан. Әскер қатарынан босағаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында әдеби қызметкер, меншікті тілші, Қостанай облыстық «Большевиктік жол» газеті редакторының орынбасары, аудандық партия комитетінің хатшысы, Қазақ кеңес энциклопедиясы бас редакторының 1-ші орынбасары болып жұмыс істеді. Сапабек Әсіпұлы көптеген мақалалардан басқа «Еменнің жасаруы», «Топжарған», «Ауыл перзенттері» және тағы басқа көркем және тарихи кітаптардың авторы болып табылады.