Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«ЖҚТБ: білмесең сорың бес елі»
17.11.2025
17 қарашадан бастап Әмбебап оқу залында жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күрес күніне орайластырылған «ЖҚТБ: білмесең сорың бес елі» атты ақпараттық көрме рәсімделді.
Көрмеде осы тақырыптың медициналық, әлеуметтік және психологиялық аспектілерін ашатын кітаптар, кітапшалар мен мерзімді басылымдардағы мақалалар ұсынылған. Көрмедегі басылымдар вирустың таралу жолдары, алдын алу әдістері және ерте диагностиканың маңызы туралы әңгімелейді.
Барлық ниет білдірушілерді көрмені көруге және ұсынылған материалдармен танысуға шақырамыз. Хабардарлық – өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғаудың алғашқы қадамы!

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ