Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Қазақ тілі және мәдениет»
19.11.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№ 40 мекемесі» РММ-нде «Қазақ тілі және мәдениет» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара қазақ халқының дәстүрлерін, мәдениеті мен тілін үйретуге арналды.
Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасын ұсынды, салт-дәстүрлермен, ұлттық құндылықтармен, сондай-ақ қазақ тілінің негіздерімен таныстырды. Кездесу барысында қазақ халқының мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тақырыптық материалдар, кітаптар мен мультимедиялық ресурстар көрсетілді.
Мұндай іс-шаралар ой-өрісті кеңейтуге, мәдениетаралық өзара түсіністікті нығайтуға және мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрлерге құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді.
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы сотталғандардың білімін жетілдіруге және тұлғалық дамуына жәрдемдесе отырып оларды мәдени-ағартушылық сүйемелдеу жұмысын белсенді жалғастыруда.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыӘДІЛ ҚОҒАМ