Қазақ руханиятының қос тұғыры – Шоқан Уәлиханов пен Міржақып Дулатұлы
30.11.2025
30 қарашада «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-де «Қазақ руханиятының қос тұғыры – Шоқан Уәлиханов пен Міржақып Дулатұлы» атты әдеби кеш өтті. Іс-шара Қостанай қаласының орталық «Марал ишан» мешітімен бірлесе ұйымдастырылды.
Кеш барысында екі тұлғаның ғылымға, әдебиетке және ұлттық ой-санаға қосқан үлесі сөз болды. Кітапхана жанындағы «Ақ қауырсын» әдеби клубының қатысушылары өздерінің туындыларымен қатар Міржақып Дулатұлының өлеңдерін оқып, тыңдарманға рухани әсер сыйлады. Көрермендер танымдық викторинаға қатысып, қос алып тұлғаның өмір жолы мен еңбектері туралы білімдерін сынады. Әдеби кешке зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, дін қызметкерлері, студенттер мен қала тұрғындары қатысты.
Іс-шараның белсенді қатысушыларына «Марал ишан» мешітінің атынан сый-сыйаптар тарту етілді. Мұндай кездесулер жастардың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық мәдениетті құрметтеуге баулитыны атап өтілді.