«Ақынның жаны» кітабының тұсаукесері
03.12.2025
3 желтоқсан күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақтың көрнекті ақыны, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лаураеты, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, ыбырайтанушы Серікбай Оспанұлының «Ақынның жаны» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.
Іс-шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, қаламгердің шығармашылығы мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы пікірлер айтылды. Танымал ақын-жазушылар, оқырмандар мен кітапханашылар жиылып, автордың жаңа кітабына қызығушылық танытты. Кітап тұсаукесеріне қатысушылар ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдіріп, сөз өнерінің қуатын сезінген күйі, рухани серпіліспен тарқасты.