Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Георгий Соковты еске алу көрмесі
22.01.2026
22 қаңтарда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қостанайлық суретші, КСРО Суретшілер одағының және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Георгий Михайлович Соковты еске алуға арналған «Графическая импровизация» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрме келушілерді шебердің графикалық мұрасымен таныстырады. Көрмеде жылтыр қағазға гель қаламдармен сәндік техникада орындалған 20-дан астам авторлық суреттер ұсынылған. Жұмыстар сызықтардың мәнерлі пластикасымен, өзіндік композициясымен және терең көркемдік мазмұнымен ерекшеленеді.
Ашылу салтанатына қаланың танымал суретшілері В. Быков, Н. В. Торшин, С. И. Шалунова, сондай-ақ суретшінің достары, әріптестері, өнер сүйер қауым және Георгий Михайловичтің шығармашылығын құрметтейтін қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара аясында жүргізушілер суретшінің өмірі, оның шығармашылық жолының қалыптасуы және өңірдің бейнелеу өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі туралы айтып берді. Сөз алған қонақтар шеберге деген ризашылықтары мен терең құрметтерін білдірді, оның жұмыстары бүгінгі күнге дейін көрермендерге шабыт беріп, жүректеріне жылу ұялататынын және үнемі талқыланып жататынын атап өтті.
Лариса Сергазина мен Людмила Шишкова орындаған неміс композиторы Джеймс Ластаның «Одинокий пастух» композициясы барлық қатысушылардың көңілін көтерген музыкалық сыйлық болды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыЗАҢ МЕН ТӘРТІП