«Келбет» жобасы аясында кітапханада Қостанай қаласы балалар шығармашылығы мектебінің «Индиго» хореографиялық студиясының көркемдік жетекшісі Константин Алексеевич Чеботаревпен «Сұлулық пен сымбаттылық белгісі» атты жүрекке жылы және көңілге шабыт беретін сұхбат-әңгіме өтті.
Сұхбат барысында шығармашылық жолы, бидің күші мен шабыт жайында және қимыл-қозғалыс өнерінің жеке тұлғаны ашуға және мінезді қалыптастыруға қалай көмектесетіні туралы айтылды.
«Индиго» хореографиялық студиясы – бұл жай ғана ұжым емес, ол өнерге деген сүйіспеншілік біріктірген шығармашылық отбасы. Кездесу барысында Константин Алексеевич шығармашылық жетістіктері туралы айтып беріп, шабыт, жаңа формалар мен идеяларды іздеу, сондай-ақ жас таланттарды қолдаудың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.
Жетекшінің кәсіби шеберлігі мен тәрбиеленушілердің таланты жарқын өнер көрсетулер, ерекше қойылымдар және қатысушылардың жоғары дайындық деңгейі арқылы дәлелденіп, бірнеше рет дипломдармен және марапаттармен атап өтілді.
https://www.youtube.com/watch?v=RDQf3T67Fnw