Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Орыс сөзі Дағыстанды әлемге танытпақ» халықаралық кітап оқу бағдарламасы 14 елдің кітапханаларын біріктірді
29.07.2014

Расул Ғамзатов ат. Хасавюрт орталық қалалық кітапханасы «Орыс әлемі» қорының қолдауымен жарияланған «Орыс сөзі Дағыстанды әлемге танытпақ» халықаралық кітап оқу бағдарламасына Әзербайжан, Армения, Болгария, Грузия, Қазақстан, Камбоджи, Қырғызстан, Литва, Приднестровья, Таиланд, Өзбекстан, Франция, Эстониия мен Ресей Федерациясының 18 өңірінен 30 астам ұжым қатысты.  

Олардың ресейлік әдебиеттің үздік үлгілерін насихаттауға арналған түрлі шаралары ресейліктер мен шетелдік азаматтар арасындағы әлеуметтік байланыстың нығая түсуіне, олардың мәдени кеңістікте бірігулеріне ықпал етеді.

Байқауға қатысушылар жасаған ғылыми-әдістемелік контент қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың көмегімен кеңінен таралуда. Байқауға қатыспақ жобалардың блоктары кітапханашылардың ағартушылық материалдар, көпшілік шаралардан түсірілген хабарлар, сұхбаттар, пікірлер, фотосуреттер, бейнесюжеттер туралы дайындаған жобалық жұмыстарының барысы жайында аналитикалық мақалалар жариялауда.  Ұжым болып жасаған мұндай виртуалды ресурс отандық әдебиет классикаларын насихаттаудың үздік үлгісі  болып табылады және жүйелік статистика көрсетіп отырғанындай білім беру және мәдениет саласының мамандары тарапынан ол жоғары сұранысқа ие. 

Халықаралық кітап оқу бағдарламасының ең белсенді қатысушысын осы жылдың қыркүйегінде бір аптаға Дағыстанға этносаяхатқа шыға алады.  Дағыстан ауылдарының біріне тоқтаған олар А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың, Л.Н. Толстойдың, Р.Ғамзатовтың және басқа да орыс тіліндегі поэзия мен проза классиктерінің шығармаларына арқау болған тау тұрғындарының салт-дәстүрімен, тарихымен, мәдениетімен таныса алады. 

Кітапханамыздың әдеби орталығы да аталған халықаралық кітап оқу бағдарламасына қатысады. Біздің «Летят сквозь даль пленительные строки» авторлық жобамыздың виртуалды ресурсы орналастырылған (http://tolstovkaidagestan.blogspot.com) блогымен танысуды ұсынамыз.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ