Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жеңіс даңқы арта берсін» облыстық көпшілік шаралардың фестиваль-байқауы
16.10.2014

Фашистік Германияны тізе бүктірген Жеңіс күні – тарихтағы ең басты атаулы күндердің бірі. Бұрынғы Кеңес Одағы халықтарының ұлы ерлігінің қазіргі және болашақтағы ұрпақтар үшін маңызы орасан және біз мұны бір сәтке де естен шығармауымыз керек.
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арнап үстіміздегі жылы Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК «Жеңіс даңқы арта берсін» тақырыбымен көпшілік шаралардың облыстық фестиваль-байқауын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. 

Байқау екі кезеңмен өткізіледі. Іріктеу үшін өткізілген І кезең маусым айында мәресіне жетті.

Фестиваль-байқаудың І кезеңінің жеңімпазы болғандар:

Қостанай қалалық ОКЖ
Жангелдин ОКЖ
Рудный қалалық ОКЖ
Науырзым ОКЖ
Денисов ОКЖ
Қостанай ОКЖ

Жеңімпаз болған осы кітапхана жүйелері Алтынсарин көш. 115 үйде орналасқан «Шығармашылық үйі» МКҚК 16 қазан күні сағат 10.00 өтетін фестиваль-байқаудың екінші турына қатысатын болады.

Біздің фестиваль-байқауымыз - өз Отаны үшін, болашақ ұрпақ үшін өмірлерін құрбан еткен жандарға арналған естеліктің тамшыдай ғана бөлігі болмақ.

Аталған байқау ерлік пен қаһармандыққа, Ұлы Отан соғысында опат болғандар мен тірі қалғандарға арналған құрмет болып табылады.

Барлық тілек білдірушілерді байқаудың қонағы болуға шақырамыз.


Байланыстелефоны - 390-490


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ