Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Би ағаң – қазақ әдебиетінің қайталанбас құдіреті» облыстық семинары
29.10.2014

2014 жылдың 29 қазаны күні Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК Таран ОАК негізінде жерлесіміз, жазушы, көсемсөзші және қоғам қайраткері Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына арналған «Би ағаң – қазақ әдебиетінің қайталанбас құдіреті» атты облыстық семинар өткізеді.

Қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлин оның көптеген жанрының, әсіресе прозасының дамуына орасан зор үлес қосты. Б.Майлиннің қаламынан 250 жуық поэтикалық, 100 астам прозалық және 20 драмалық шығарма дүниеге келді. Алайда оның шығармашылық қабілеті, табиғи таланты қысқа әңгімелер мен өлең түріндегі фельетондарда және шағын повестерінен ерекше көрініс тапты. Оның ауыл өмірін суреттеген «Шұғаның белгісі», «Күлтай болыс», «Кедей теңдігі» және басқа шығармалары оқырмандар арасында кеңінен таныс болды. «Біздің прозамыздағы реализм мен кәсіби шеберліктің шынайы көрінісі осы сөздердің тура мағынасында Майлин есімімен тікелей байланысты. Ол біздің алғашқы суретші прозашымыз болды, дәл қазір одан асар әңгімеші де, прозаша да жоқ»,- деген болатын Ғабит Мүсірепов сөз шебері жайында.Жазушы өзінің барлық шығармашылық қабілетін жарқын өмірді әкелетініне қалтқысыз сенген жаңа идеяға қызмет етуге арнады. Алайда өз заманының басқа да адамдары секілді сталиндік қуғынның құрығына ілініп, заңсыздықтың құрбаны болды.

Бейімбет Майлиннің жарқын есімі тек 1957 жылы қалпына келтірілді. Оның кітаптары оқырмандарымен қайта табысып, оларды қайта қуантты. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірінің есімі енді қайтып ешқашан жоғалмақ емес. Биылғы жылдың тамыз айында жазушының туған жері Таран ауданында оның 120 жылдығы кеңінен аталып өтілді.

Аталған семинардың мақсаты – жазушының шығармашылығына назар аудару, оның әдеби мұрасын қазіргі кездің оқырмандарына таныстыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру.

Семинардың бағдарламасына жазушының шығармашылығы жайындабірнеше баяндама, «Қалам майталманы Бейімбет Майлин – 120 ж.»кітапханалық көрмесіне шолу, Бейімбет Майлин ат. аудандық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия, Таран халық театры әртістерінің орындауымен жазушының «Келін мен шешей» пьесасы бойынша қойылатын спектакльден үзінді, «Б. Майлиннің шығармалары – өмірдің көркем шежіресі» әдеби пікірталасы және жұмыс тәжірибелерімен бөлісу енгізілген. Сондай-ақ Б.Майлиннің 120 жылдығына арналған облыстық (http://beimbetmailinblog.blogspot.com/) блогтар байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталатын болады. 

Семинар жұмысына А.Байтұрсынов ат. ҚМУ медиация орталығының директоры, профессор, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты А.Қ.Шаяхмет, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ тіл және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушысы Ш.И.Төлегенова, Тобыл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, Б.Майлиннің туысы Ұ.Б.Қасымова, облыс кітапханашылары, зиялы қауым және басқалар қатысатын болады.

Семинар Таран аудандық Мәдениет үйінде сағат 10.00 басталады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus