Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Би-ағаң – қазақ әдебиетінің қайталанбас құдіреті
29.10.2014

2014 жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны аралығында Бейімбет Майлиннің 120 жылдығына арналған «Би-ағаң – қазақ әдебиетінің қайталанбас құдіреті» http://beimbetmailinblog.blogspot.com/ облыстық блогтар байқауы жарияланған болатын. Байқауға қатысуға 16 ОКЖ өтініш түсті. Байқауға Алтынсарин ОКЖ,  Денисов ОКЖ,  Қарасу ОКЖ, Ұзынкөл ОКЖ және Қостанай ОКЖ қатыспады. 

Облыстық байқау кітапханашылардың пайдаланушылармен арадағы әрекеттестіктерін жаңа сапаға көтеру және олардың ақпараттық, ағартушылық, сондай-ақ ақпараттық жаңа ортадағы басқа да қажеттіліктерін қанағаттаныру үшін кітапханалардың әлеуметтік медиадағы белсенділіктерін дамыту және ынталандыру мақсатында өткізілді.

Комиссия мүшелері байқаудың қорытындысын шығарғаннан кейін жеңімпаздар белгілі болды.

«Кітапханашыға арналған үздік блог» номинациясы бойынша «Халық тудырған талант» (http://talantrogdenniinarodom.blogspot.com/) блогы жеңімпаз болды – Жітіқара ОКЖ.

«Оқырманға арналған үздік кітапханалық блог» номинациясы бойынша «Қостанай жерінің мақтанышы» (http://lisakovskkonkurs.blogspot.com) блогы жеңімпаз болды  –  Лисаков қ. ОКЖ.

«Үздік тақырыптық блог» номинациясы бойынша «Бейімбет Майлин - өңір мақтанышы» (http://ybilij.blogspot.com/ ) блогы жеңімпаз болды  –  Таран ОКЖ.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға байқауға қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз! Бұл жолғы байқауда жеңімпаздың қатарынан орын алмасаңыз, қапа болмаңыз, келесі жолы жолыңыздың болатыны сөзсіз! Барлығыңыз өз мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін өздеріңізді алға сүйреген, ұйымның беделі үшін намысыңды жаныған өте пайдалы іспен айналыстыңыздар!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus