Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапханадағы мереке
03.11.2014

Үстіміздегі жылы Қостанай облысының кітапханалық өмірінде екі бірдей елеулі оқиға орын алып отыр: оның біріншісі облыстағы кітапхана ісінің басталғанына 120 жыл болса, екіншісі облыстық кітапханаға Лев Толстой есімінің берілгеніне 65 жыл толуы болып отыр.

03.11  Осы күндерге арналған Шаралар онкүндігінің салтанатты ашылуы болды. 

Кітапхана директоры Г. Қазина  өзінің «Мұның бәрі қалай басталды» баяндамасында облыстық кітапхананың өткені мен қазіргі кезеңі туралы баяндады.   

Бір лектордың сағаты түрінде өткізілген «Кітапхана ісіне 120 жыл» кездесуінде тарих ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ «Қашықтан оқыту» факультетінің деканы С. Самаркин қатысқандарды Қостанай облысының аумағындағы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы кітапхана ісі жайында таныстырып өтті.    

Шараға шақырылған қонақтар: кітапхана ісінің ардагерлері, қалалық кітапханалардың, қаланың оқу орындары кітапханаларының кітапханашылары, белсенді оқырмандар төмендегідей көрмелермен танысуға мүмкіндік алды:

  • «Тарихқа экскурсия» көрме-хроникасы,
  • «Толстой – бұл тұтас әлем...» кітап-зат көрмесі,
  • «Толстойды оқимыз» безендірілмелі кітап көрмесі.

Облыстық кітапхана туралы 1996 жылы түсірілген «Кітаптар мекені» деректі фильмінің көрсетілуі жиналғандарды ерекше әсерге бөледі.

Онкүндік бойы кинолекторий жұмыс істеп, Лев Толстойдың шығармалары бойынша фильмдер көрсетілетін болады. Онкүндіктің бірінші күні «Кавказский пленник»(режиссёрі Сергей Бодров, Ресей, Қазқстан, 1996 ж.) көркем фильмі көрсетілді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus