Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мамандық жетістік мерейі»
17.03.2015
2015 жылдың 13 наурызы күні Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК мен Н.Дәулетова ат. ОАК Сарыкөл ОАК болатын Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Қ.Дәулетованы еске алуға арналған «Мамандық жетістік мерейі» тақырыбымен Дәулетова оқуларын өткізді.
Шараның мақсаты: Н.Қ.Дәулетованың ғылыми мұраларын насихаттау және кітапханашы мамандығының беделін көтеру.
Шараға қатысушылар Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты, тамаша тұлға Нәзира Қожахметқызы Дәулетованы еске алысты. Оның есімі – Қостанай облысы ғана емес, барша Қазақстан мақтан тұтуға болатын есім.
Нәзира Қожахметқызы Дәулетова еңбек жолын А.С.Пушкин ат. Қазақ КСР мемлекеттік кітапханасының әдістемелік кабинетінің қатардағы қызметкерінен бастады, 40 жылдан астам уақыт бойы осы кітапханада еңбек етсе, оның 20 жылында (1963-1987 жж.) осы кітапхананың директоры болды.
Ол үкіметтің ең жоғары марапатына ие болып, Ленин орденімен марапатталды. Ол Қазақстандағы жоғары білікті маман және ұйымдастырушылық қабілеті, адамгершілік қасиеті мол кісі етінде танымал, кеңес үкіметі құрамында болған елдер мен Еуропа, Азия, америка және Африка елдеріндегі әріптестері арасында бедел мен құрметке ие.
Шараның жұмысына қатысқан қостанайлық ақын, көсемсөзші, драматург А.Қ.Шаяхметтің, Лесной орта мектебінің директоры С.Х.Шаймерденовтың (Н.Қ.Дәулетованың жиені), Сарыкөл халық театрының жетекшісі және режиссері, өлкетанушы В.В.Стародубтың баяндамалары кездеуге келгендердің есінде ұзақ сақталатын болды. Сарыкөл ауданының кітапханашылары Н.Қ.Дәулетованың қызы Хакімжанова Ғалия Жақияқызының on-line арқылы сөйлеген баяндамасын тыңдауға мүмкіндік алды. Баяндамалардан кейін Н.Қ.Дәулетованың мемориалды тақтасына гүл шоғын қою рәсіміболып, ол еске алу кешіне ұлсаты.
Дәулетова оқулары жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылатын болады.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus