Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кинолектория
19.03.2015
Кітапханада Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Елім - Мәңгілік Ел» онкүндігі аясында кинолекторий өткізілді. Пайдаланушылардың назарына Қазақстан жерінде тұрып жатқан түрлі ұлттардың мәдениетін көрсететін бірқатар фильмдер ұсынылды.
Кинолекторийге қатысқан қаламыздың танымал тұлғалары ұсынылған көркем фильмдер жайында өздерінің пікірлерін білдірді.
Украин мәдениеті көбірек көрініс берген «Вечера на хуторе близ Диканьки» фильмі жайында айтып берген философия ғылымдарының докторы, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы Ю.Я.Бондаренко өз сөзінде Н.В. Гоголь, Т.Г. Шевченко секілді және сол кездегі басқа жазушылардың адамдарды ұлттарына бөлмегендерін атап өтті.
Философия ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ оқытушысы Б.Х.Әлшанова «Девушка-джигит» фильмі жайында айтып берді. Ол Қазақстан жерінде тұрып жатқан әр ұлттың өз мәдениеті бар екендігін, алайда олардың барлығына достық, махаббат, адалдық секілді сезімдердің ортақ екендігін атап өтті.
Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының жетекшісі Маканов Жанділдә Қожахметұлы «Наш милый доктор» фильмі жайында әңгімеледі. Ол аталған фильмнің көркемдік ерекшелігіне ерекше назар аударды. Фильмнен Қазақстанның, Алматының ХХ ғасырдың 50 жылдарының соңындағы өнері туралы хабар алуға болады. «Наш милый доктор» тамаша режиссер Ш. Аймановатың алғашқы жеке жұмысы болып табылады. Оның фильмдерінен интернационализмнің, халықтар достығының тамаша үлгісін көруге болады.
Қонақтар фильмдерге қатысты қызықты деректерді еске алысты, махаббат, шығармашылық және достық жайында түрлі оқиғалар айтып, кештің көңілді өтуіне себепкер болысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus