Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ассамблея – татулықтың түп қазығы»
20.03.2015
Л.Толстой ат. ОӘҒК «Ассамблея – татулықтың түп қазығы» атты Қырғыз «Асаба» этно – мәдени орталығымен кездесу өтті. Достық кездесу Ассамблеяның 20 жылдығына орай өткізілді. Кездесуге «Асаба» этно – мәдени орталығының президенті Беделбеков Қанатбек Усинғазыұлы қатысып Ассамблеяның тарихы және өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды. Кездесуде «Достық» үйі басшысының орынбасары Қожахметов Алпыс Қабденұлы 130 – дан астам ұлт пен ұлыстың мүддесі туралы сөз етті. Жерлесіміз Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист Мұқатов Нағашыбай Оразбайұлы қазақ – қырғыз әдебиеті туралы ой қозғап, өзінің қырғыз тіліне аударылған кітабы жайлы айтып берді. «Асаба» ұлттық – мәдени орталығы президентінің орынбасары Алипсатаров Эркін қырғыздың ұлттық өнері, дәстүрі, мәдениеті туралы әңгімелеп берді. Көрмеге ұлттық киімдерін, қолөнерін, аспаптарын, тағамдарын қойды. Кездесуде қырғыз өлеңдері айтылып, қазақ, ұйғыр билері орындалды, жырлар оқылды. Көрмеге 50 басылым қойылды. Барлығы 60 адам қатысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus