Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қазақ хандығы: тарих және дәстүр
16.04.2015
16 сәуір күні сағат 15.00 Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залы бөлімі Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге арналған «Қазақ хандығы: тарих және дәстүр» дөңгелек үстелін өткізеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық және тарихи тәрбие беру.
Тақырыпты талқылауға қатысқандар:
- тарих ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ КФ әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының доценті Айбек Батырханұлы Шалғымбеков;
- тарих ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Еркін Әбіл;
- философия ғылымдарының кандидаты Дмитрий Анатольевич Качеев.
Шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ студенттері, Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері шақырылды.
Шара көрсетілімдермен және кітап көрмесімен толықтырылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ