Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Кітап онкүндігінің ашылуы
20.04.2015
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін атап өту аясында 20.04 Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған «Ұмытылмас ерліктер мен өшпес даңқ» атты кітап және авторлық құқық онкүндігінің ашылуы болды. Онкүндік аясында ұрпақтар кездесуі, портрет-кеш, тарихқа саяхат, кітап тұсаукесерлері секілді көпшілік шаралар және т.б. өткізу жоспарланған.
Онкүндік Ұлы Отан соғысына қатысушы қостанайлық Петр Павлович Борзенковтың «Жауынгер және жауынгер ұлы» авторлық повесінің желісі бойынша «Ұрпаққа айтылған аманат» атты еске алу кешімен ашылды. Ардагер өзінің естелік кітабында жауынгерлердің ерлігі жайында, майдандас жолдастарын жоғалтудан болатын жан жарасы жайлы баяндайды, кітап оқиғаларды шынайы баяндауымен, алғы шепте жүрген жауынгердің көргенін сол қалпында айтып беруімен таң қалдырады, қанды қырғында жеңіске қалай жеткенімізге жауап береді. Кездесуге келген соғыс ардагері, подполковник, қаланың құрметті азаматы М.И.Подоляков, Қостанай қ. қорғаныс істері бойынша басқармасының бастығы, полковник У.К. Утебасов, отставкадағы подполковник, ауған соғысына қатысушы А.Н. Харченко, полковник, философия ғылымдарының кандидаты, Ш.Қабылбаев ат. ҚР ІІМ ҚА оқытушысы А.В. Видершпан, Ұлы Отан соғысына қатысушының ұлы А.С. Денисов және кітап авторының ұрпақтары кітап жайындағы өздерінің пікірлерін білдірісіп, майдангер жазған әр жолдың аса құнды дүние екендігін атап өтісті.
Петр Павлович Борзенковтың майдандағы қойын дәптерінде сақталып қалған өлеңдер оқылды.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ