Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Хакасиядағы Пушкин оқулары
15.05.2015

15 мамыр күні А.С.Пушки ат. орталық қалалық кітапханада жыл ішіндегі елеулі оқиғалардың бірі – XІХ халықаралық Пушкин оқулары болып өтті. «Пушкин – танылып болмас тұлға» тақырыбымен өткен бұл оқулар Александр Сергейұлының мұралары үшін шығармашылық, уақыт және географиялық тұрғыдан ешқандай шекара жоқ екендігін көрсеткендей болды. Шынында да Пушкин жайында оқыған сайын талай құпияларға тап болып, жаңа дүниелерді кездестіре бересің.  Пушкин оқуына қатысуға келген мәдениет, білім беру, православие, медицина саласы өкілдерінің, жұртшылықтың, қала тұрғындарының  жасаған қызықты да тартымды баяндамалары осындай жаңалықтарға толы болды. Олардың әрқайсы жиналғандарға өзінің Пушкинін таныстыруға тырысты және мұның өзі ақынның үйлесімділік пен әсемдіктің жыршысы болғандығын, ал қазіргілер үшін үлгі тұтар тұлға екендігін дәлелдеп берді. Биыл Пушкин оқулары өзінің аясын кеңейтіп, алғаш рет халықаралық дәрежеде өткізілді. Оған өздерінің бейнеүндеулерін Қазақстан Республикасы Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Дариға Асқарқызы Дәуренбекова мен Москва облысы Долгопрудный қаласының А.Солженициын ат. Шетелдегі орыс үйі кітапханасының анықтамалық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Надежда Егорова да қатысты. Пушкин оқуларына әріптестеріміз: эстондық Силламяэ қ. орталық қалалық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Татьяна Борисова мен Қазақстан Республикасы Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімінің кітапханашысы Салиха Салихқызы Юсупованың электронды пошта арқылы жіберілген жұмыстарына лайықты баға берілді.  ІХ халықаралық Пушкин оқуларына 120 астам адам қатысты.  28 қатысушы баяндама жасады.

Бейнеүндеулерді мына сілтеме бойынша қарауға болады:https://www.youtube.com/watch?v=Spp2bxL_Wuo&feature=share,


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ