Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жазғы оқылымның ашылуы
16.06.2015
Жаздың жақсы жақтарының көп екендігі белгілі, әсіресе жазда демалуға, қыдыруға, серуенге шығуға және бос уақыттың барлығын кітап оқуға жіберуге болады.
16. 06. қаланың орталық скверінде «Жазғы оқылымның» салтанатты ашылуы болды.
Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап Қостанай облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы, «Жазғы оқылым» жобасының бастамашысы Ж.К.Мақанов сөз сөйледі.
Әдеби алаңға қостанайлық ақындар Н.Кочин, А.Суслова, А.Мауданов, Ю.Бондаренко, А.Амир, Т.Кайгародцева, С.Левченко және т.б. шықты. Шараға келгендер авторлар қолынан кітап сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Қобыз бен домбыра ойналған, ұлттық музыкалық аспаптар туралы кітаптар қойылған «Мәңгілік мұра» кітап көрмесі скверде демалушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
«Жақсы көретін кітабым» фотосессиясы, «Кез келген жерде кітапхана болуы керек» буккросингі және «Game rest» тілдік ойыны қызу жұмыс істеді.
Балалардың назарын И.Никифоров ат. сурет мектебі оқушыларының жұмыстары қойылған «Жазды жақсы көремін» сурет байқауы ерекше аударды. Байқауға қатысқандар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Шара барысында «Кітапханаға келе жатырмыз» атты ешкім ұтыссыз қалмайтын оқырмандар лотереясы ойнатылып, басты жүлдені – жылдың басты кітабы болған І.Есенберлиннің «Көшпенділер» кітабы жазылған дискіні «Алау» телекомпаниясының журналисі Ярослава Богатырева жеңіп алды.
«Әдеби жаз – 2015» жазғы оқылымның басталғанын кітапхананың жас қызметкерлері дайындаған көңілді кітапханалық флешмоб хабардар етті.
Қала тұрғындарына «Әдеби жаз – 2015» қаланың орталық скверінде тамыздың аяғына дейін сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 12.00-ден 17.00-ге дейін істейтіндігін ескертеміз. Қостанайлық авторларды «Авторлар ұсынатын кітаптар» жобасына қатысуға шақырамыз.
Сіздерді асыға күтеміз! Келіңіздер, көріңіздер!!!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus