Биыл Дағыстанның ең көне қаласы Дербенттің негізі қаланғанына 2000 жыл толды. Мерейтойды атап өту аясындағы шаралардың бірі Расул Ғамзатов ат. Хасавюрт қалалық кітапханасы ұйымдастырып отырған мәдени-ағарту жобаларының «Дербент: мәдениеттер тоғысына 2000 жыл» халықаралық фестивалі болып табылады. Біздің кітапханамыз фестивальға «Жасырмаймыз сырымызды жақсыдан» жобасымен қатысып отыр. Жоба аясында бірқатар шаралар – ежелгі Дербент қаласы туралы фильмдер көруге мүмкіндік беретін кинолекторийлер, «Менің үйім – туған жерім Дағыстан!» кітап-зат көрмесіне шолу, викториналар, әдеби-ойын саяхаттар өткізіледі.
Оқырмандарды Дағыстанның ұлттық мәдениетімен және әдебиетімен таныстыруға тырысамыз. Жобаның жұмысымен
http://cityderbent.blogspot.com/ блогынан толығырақ танысуға болады.