Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Абай – тұтас бір әлем» әдеби – музыкалық кеш»
10.08.2015

Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада 10 тамыз күні қазақ халқының ұлы ақыны, композитор, философ, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған «Абай – тұтас бір әлем» әдеби – музыкалық кеші  өтті.

Осы кешіне арнайы шақырылған қонақтары: ақын Ақылбек Шаяхмет пен  Абылай Мауданов, әнші Хыдырбек Хийсхан қатысып, Абайдың өмір жолы мен шығармашылықтарына тоқталып, өздерің ой-пікірлерің ортаға салды.

Абайдың қара сөздерін, бірнеше өлеңдерін үш тілде кітапханашылар мен құрылыс колледжінің студенті Төленбеков Мақсат мәнерлеп оқыды.

Абайдың «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ» әндерімен Хыдырбек Хийсхан өнер көрсетті. Абай Құнанбаев туралы видео-фильм, презентация, видео-сюжет пен видео-ролик көрсетілді және 75 кітаптан тұратың көрме ұйымдастырылды. Мәдени - шараға 50 адам қатысты.

ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ