Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
ҚР Конституцияның 20 жылдығына арналған (Қазақ хандығының 550 жылдығы аясындағы) «Тамыз тағылымдары» облыстық көшпелі коллоквиумы
18.08.2015

Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК 2015 жылдың 13 тамызында Меңдіқара ОАК ҚР Конституцияның 20 жылдығына арналған (Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында) «Тамыз тағылымдары» облыстық көшпелі коллоквиумы өткізілді.  

Шара алдында аудандық орталық кітапхана бойынша экскурсия жасалынды. Аудандық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Ерсұлтанова  Гүлмайра Мұхаметқалиқызы «Қазақ  Еліне  550 жыл. 1465 - 2015 ғасырларға куә болған мемлекет» кітапханалық көрмесіне шолу жасады.

Шараның модераторы болған Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Шақарова Дина Маратқызы қатысушыларды коллоквиумның бағдарламасымен таныстырды. Коллоквиумды Меңдіқара ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жетекшісінің м.а. Овчарова Надежда Михайловна ашты.

         ҚМПИ ғылыми жұмыстар және шетелмен байланыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Еркін                            Аманжолұлы Әбіл «Қазақ хандығының саяси жүйесі» тақырыбымен баяндама жасады.

        Қазақстанның басты заңының жасалуы жайында Қостанай облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің  бас маманы Исабеков Арман Есімханұлы айтып өтті.

        Тарих магистрі, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан  тарихы кафедрасының  аға оқытушысы Қуаныш Қабдолұлы Әбілмәліковтың баяндамасының тақырыбы «Қазақ хандығы: көшпелі қазақ елінің тарихы» болды.

Қостанай қаласы, Қостанай және Федоров аудандарының орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Коллоквиумға қатысушылардың назарына «Қазақстан Республикасының Ата заңы: тұлға, қоғам, мемлекет» виртуалды кітап көрмесі және Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арнап жасаған «Ғасырларға куә болған мемлекет» кітапханалық көрмесінің бейнешолуы көрсетілді.

        Рудный орталық қалалық кітапханасының қызметкерлері, жүргізушісі Абдрахманова Гүлтуған Рақымжанқызы «Қазақ мемлекеттілігі: кеше, бүгін, ертең» атты  тарихи бейнекүнтізбесімен таныстырды. 

Соңынан кәсіби пікірталас болды.

          Коллоквиум жұмысының қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылатын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus