Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапханаға жаңа директор тағайындалды
26.08.2015

Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының 2015 жылдың 26 тамызындағы № 118-к бұйрығымен Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директорының лауазымына Дүйсебаева Дариға Төребайқызы тағайындалды. Жаңа жетекшіні ұжымға басқарма басшысы Лариса АлександровнаСероус таныстырды.   

Д.Т.Дүйсебаева 1986 жылы Қостанай мәдени-ағарту училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2004 жылы Қостанай мемлекеттік университетін «Тарих, құқық негізі және экономика мұғалімі» мамандығы бойынша үздік аяқтап шығады. 2012 жылы Кітапханалық-ақпараттық ресурстар магистрі дәрежесіне ие болды, қазіргі кезде «Кітапханатану, библиографиятану және кітаптану» мамандығы бойынша Челябі мемлекеттік мәденииет және өнер академиясының аспиранты болып табылады. 

Еңбек жолын Қамысты ауданы Ливанов ауылдық кітапханасының меңгерушісі болып бастады. Орджоникидзе ауданы Әлшанов ОМ кітапхана меңгерушісі, Ы.Алтынсарин ат. облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы, құжаттарды электронды жеткізу секторының меңгерушісі, Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ғылыми хатшысы, облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың директоры, «Өрлеу» БАҰО»  Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ АҚ кітапхана істері жөніндегі бөлімінің басшысы болып істеді.   

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus