Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Виртуалды дөңгелек үстел
10.09.2015

Лев Толстойдың туған күні қарсаңында біз ұлы классиктің атымен аталатын кітапханалармен байланыстарымызды жалғастырдық. Севастополь орталық қалалық кітапханасы (Ресей) жыл сайын Толстой оқуларын өткізіп отырады. Биылғы оқу «Парасаттылық пен адамгершілік қашанда бірге» тақырыбымен 05 және 30 қыркүйек аралығында өтті.

Оқу аясында 08 қыркүйек күні қонақжайда Мәскеу, Новосібір, Ижев қалалары кітапханаларының «Ғасырларға жетер Толстой есімі» виртуалды дөңгелек үстелінің жұмысына қатысуымен онлайн-кездесу болып өтті. Әр кітапхана өздерінің визиткаларын көрсетті. Біздің кітапханамыздың тарихын Кітап сақтау бөлімінің меңгерушісі И.Нагалюк таныстырды.  Әріптестер Л.Толстойдың мұраларын қалай насихаттап жатқандары жайындағы тәжірибелерін: «Кітапты тыңдаймыз: оқимыз, талқылаймыз, араласамыз» жобасының көрсетілімін (Новосібір);  «Оқитын Мәскеу» баяндамасын,  Мемлекеттік Толстой мұражайының (Мәскеу) сыйға тартқан Л.Толстой туралы жаңа кітаптарына шолуды;  «Лев Толстой құрметті азамат бола ала ма?» әдеби-өлкетанушылық зерттеуін (Севастополь);     «Кітапханашылар мен Удмурт орыс тілі педагогтарының ағартушылық  тәжірибелеріндегі Л.Толстойдың гуманитарлық идеялары» баяндамасын (Удмурт Республикасы Ұлттық кітапханасының Оқу орталығы)   ортаға салысты. Көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Д.Дәуренбекова кітапханамызға Л.Толстой есімінің берілгеніне 65 жыл толуына арналған Шаралар онкүндігі жайындағы ақпаратты жеткізді.

Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар кездесуді ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірісе отырып, ұлы жазушының қаламынан шыққан шығармалардың әлі күнге құнын жоғалтпағанын және сұранысқа ие екендігін атап өтісті. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ