Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Ашық дәріс
16.09.2015

Қазіргі таңда Шоқан Уалихановтың шығармашылық мұрасы мен әдеби еңбеқтерінің тарихи мағынасы зор.

 

16.09. қонақжайда «Оқымыстылар ортамызда» клубы жұмысының аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі қазақ ақыны, драматург, публицист, филология ғылымдарының кандидаты, шоқантанушы А.Шаяхметтің ашық дәрісі өтті. 

Кездесуге келген А.Байтұрсынов ат. ҚМУ мен медициналық колледж студенттері, әлеуметтік-техникалық колледжінде мемлекеттік «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатқан  Қызылорда облысының студенттер тобы алғашқы ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі жайлы тың деректермен таныс болды. Тыңдармандар сұрақтарын қойып, Ақылбек Қожаұлы белгілі шығыстанушы, этнограф, талантты публицист, жиһангердің нақты туған жері жайлы толығырақ мәлімет берді,  қостанайлықтар ұлы жерлесімізбен мақтан ететінімізді де айтып өтті.

Дәріс қызықты және танымды өтті. Соңында кездесу жүргізушісі Қ.Аманжол қатысушыларды Ш.Уәлихановтың 180 жылдық мерейтойына арналған«Таулардан биік, теңізден терең» құжаттық кітап көрмесімен таныстырды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ