Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Баспасөз хабарламасы
22.09.2015

  Л.Н. Толстой ат. ОӘҒК 2015 жылдың 29 қыркүйегінде Әулиекөл ОАК Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың 180 жылдығына арналған «Жұлдызы жанған ғалым» тақырыбында облыстық көшпелі семинарын өткізеді. 

          Биыл көрнекті ойшыл, ағартушы-демократ, саяхатшы ғалым, жалынды патриот, жерлесіміз Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 180 жыл толып отыр. Ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов біздің еліміздің халықтарының мәдениеті мен идеялық өмір тарихында маңызды орын алады.

             Аталған шараның мақсаты – Шоқан Уәлихановтың шығармашылық мұрасы мен ағартушылық еңбектеріне байланысты мәліметтерді насихаттау, әріптестердің жұмыс тәжірибесімен танысу, кітапханашылардың біліктіліктерін арттыру үшін ғылыми ақпаратты талқылау.

Көркем ойдың тарихи маңызын терең  ұғынып, оны ғылыми зерделеген Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың еңбектерін жан-жақты, жүйелі зерттей түсуді уақыттың өзі талап етіп отыр. Ғалым шығармалары дәуір рухымен үндес, пікірлері күні кеше немесе дәл бүгін айтылғандай тың, құнды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасады. Ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалады.

Семинар жұмысына Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, публицист, драматург Шаяхметов Ақылбек Қожаұлы, ҚМПИ «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Анасова Айнаш Бектұрсынқызы, №28 Құсмұрын орта мектебінің мұғалімі Қайпбаева Бакен Қабенқызы, өлкетанушы Смағұлова Асыл Сұлтанғалиқызы, Қостанай облысының мемлекеттік кітапханаларының, Қостанай ауданының ауылдық және мектеп кітапханашылары қатысады.

Бағдарламаға бірнеше баяндама,  кітапхана көрмесіне шолу, виртуалды кітап көрмесі, Әулиекөл ОАК экскурсия, кәсіби пікірталас енгізілген. Әулиекөл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Семинар жұмысы бойынша материалдар жинағы шығарылатын болады.

Өтетін орны: Әулиекөл орталық аудандық кітапханасы.

Өтетін уақыты: 9.30-16.00    

Ұйымдаст. байланыс тел.: 50-30-75,  39-04-90

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus