Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімі. «Кітапхана түні - 2015»
08.10.2015

     Л.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Жастар бастамалары орталығының» қолдауымен алғаш рет «Кітапхана түні - 2015» әлеуметтік – мәдени акциясы өтті. Қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімінде тарихи романдардың көшбасшысы, публицист, әйгілі жазушы, қоғам қайраткері І. Есенберлиннің 100 жылдығына арналған «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Тарихтың шыңырауынан шындық іздеген» атты тақырыпта әдеби - тарихи кеш және ұлттық өнерімізді жастар арасында насихаттау мақсатында айтыс ұйымдастырылды.

     Кешімізге Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, ақын Серікбай Оспанов, ҚМПИ аға оқытушысы  Әлия Әбдірашова, Қостанай таңы газетінің тілшілері Нұрболат Мешітбаев, Хыдырбек Хийсхан, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ аға оқытушысы Шынар Төлегенова, БАҚ, оқу орындарының студенттері Мөлдір Есенғұл, Ақерке Қуаныш, Толқын Жазықова, Жансая Сегізбай, Мерей Ибраймовалар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Е.Өмірзақов атындағы Облыстық филармониянің әншісі Манапбек Қадыров «Ақтамбердінің» жырауын орындады. Викторина өткізілді. Көрме ұйымдастырып, презентация және бейне ролик көрсетілді.

     Айтысқа Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері  Хайролла Қафиз, Ғабит Рысбай, Бекболат Каленов, ҚМУ, ҚМПИ–нің студенттері Нұрсұлтан Қасым,  Нұрболат Қадыров,  Дастан Беков, Мырзабай Серәлі, Нүрия Ақбаба, Аманкелді ауданының орта мектебінің мұғалімі Балтасар Ізтілеуов, Арқалық қалалық мұражай қызметкері Батырлан Сағынтаев қатысты. Айтыс көпшіліктің көңілінен шығып, тартымды, қызықты өтті.

     Қазылар алқасы мүшелері ақын Серікбай Оспанов, «Қостанай таңы» газеті тілшілері Нұрболат Мешітбаев, Хыдырбек Хийсқан айтыскерлерді жүлделі орындарымен марапаттады.

1- нші орын – Ақбаба Нүрия  ҚМПИ ФФ 3 курс студенті

2- нші орын – Хайролла Қафиз Арқалық МПИ 3 курс студенті

3 – нші орын – Дастан Беков  ҚМУ 3 курс студент.

    Жалпы айтысқа қатысушылардың барлығы алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

    Осы айтыстың жоғары деңгейде өткізілуіне үлкен демеушілік жасаған жеке кәсіпкер Ишманов Болат Ахметғалиұлы. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus