Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Өң мен түстей дүние»
17.11.2015

    Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК–да Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қостанай қаласының және Меңдіқара ауданының құрметті азаматы, «Құрметті қажы» Алтын медаль иегері Жолбарыс қажы Баязидтің «Өң мен түстей дүние» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Бұл мәдени шараға  қаламдас әріптестері, достары, қаламыздағы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты. Ақындар Нағашыбай Мұқатов, Әбдірахман Досов, мәдениет қайраткері Римма Гайсенова, қажылар Асылхан Мұханбетжанұлы, Шоқан Ғазизұлы, «Қазақ» радиосының тілшісі Нұрқанат Құлабаев, «Астана» телеарнасының тілшісі Заңғар Санай кітап туралы өз пікірлерін айтып, Жолбарыс қажы Баязидке шығармашылық табыс тіледі.

 Филармония әншілері Қалибек Деріпсалдин, Ботагөз Дүбірбаева, Күнсұлу Жакаева тағы басқалар ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, ҚМПИ студенттері Қуаныш Ақерке, Алпыс Маржан, Кабдикаримова Гауһар, Мұратбеков Алмас ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Кітап көрмесі мен презентация ұсынылды. Көрмеге автордың еңбектері, өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер, арнау өлеңдер мен цитаталар қойылды, барлығы 30-жуық кітап, 42 мерзімді басылымдар қойылды. Көрме келуші қонақтар мен оқырмандардың назарына ұсынылды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ