Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наша гордость - человек труда»
17.11.2015

Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 13 қараша күні «Елімнің мақтанышы – еңбек адамы» тақырыбы аясында «Большевичка» тігін фабрикасының президенті Татьяна Ивановна Салмановамен кездесу өткізді. 

Қазіргі таңда «Большевичка» Қазақстандағы жалғыз ірі тігін кәсіпорны болып табылады. Оны Қостанай облысының нағыз мақтанышы және бетке ұстары деуге болады. 

Татьяна Ивановна атақты «Большевичка» тігін фабрикасында 30 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Тігінші лауазымынан кәсіпорынның президенті лауазымына дейін көтерілген ол технолог, шебер, бас инженер де болды.

Тігін фабрикасының жұмысшылары өздерінің кәсіпорындары туралы әңгімеледі. Фабрикада тігіншілер әулеті де бар, солардың бірі – тігін ісіне өмірінің 40 жылын арнаған Ольга Викторовна Писчанская. Ол өз отбасының тарихымен бөлісті.

Қостанай облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Балбөпе Кәлімжанқызы Иртаева жұмысшылар мамандығын насихаттауға мүмкіндік беретін қала мен облыс кәсіпорындарының жетекшілерімен кездесуді жиірек өткізуге кеңес берді.   

Шараға студент жастар мен кітапхана оқырмандары қатысты.     

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus