Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Дорогою дружбы» кітабының тұсаукесері
18.11.2015

17 қарашада қостанайлық ақын және публицист Федор Микович Миннің  мерейтойлық күндерге арналған «Дорогою дружбы» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітап қостанайлық тұрғындар – соғыс және еңбек ардагерлері, қаламыздың ұзақ жасаушылары, тағдыры тауқыметке толы болған жандары жайлы. 

Федор Микович «Символ добра»  ақындық жинағы мен «Имя твое - Человек» публицистикалық кітабының авторы.

Кездесу Қостанай – Колорадо (АҚШ) арасындағы бейнекөпірден басталды. Жас ғалым, Лиза Мин ханым өзін таныстырғаннан кейін кітап авторына тұсауы кесілгелі тұрған кітапта өзінің туғандары туралы жарияланған ақпарат үшін алғысын білдіріп, болашақта Қазақстанда болып қайтуды жоспарлап отырғанын жеткізді. «Ён-коди» корей ұлттық бірлестігінің шығармашылық ұжымына орындаған «Ариран» әні үшін алғысын білдірді.      

Кездесу барысында автор өзінің өлеңдерін оқыды. Шараға шақырылған ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері, қостанайлық авторлар, жұмыстағы әріптестері авторды жаңа кітабымен құттықтап, өздерінің тілектерін білдірісті. Кітапхана директоры Д.Т.Дүйсебаева өз сөзінде әрбір жаңа кітаптың кітапхана үшін мереке екендігін атап өтіп, автор мен кітапқа сәт сапар тіледі. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus