Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жас ақындармен болған виртуалды кездесу
25.11.2015

Жас ақындардың «Ақ қауырсын» клубына кіретін топтың достарының көптігінің арқасында көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімі Фейсбук бетінде  «Әдебиет порталы» сайтында көрсетілген өзге өңірлердің әдеби клубтары арасындағы байланысты жолға қойды. 

Жексенбі күні әдеби қонақжайда Батыс Қазақстан облысының талантты жас ақыны Аслан Қуанышұлымен онлайн-кездесу өткізілді. Аслан – Форт-Шевченко к. Е.Өмірбаев ат. ОМ 11 сынып оқушысы. Клуб мүшелері А. Мауданов, А. Кангожин, Б. Аңқауов, Н. Қасым, ҚМПИ мен А.Байтұрсынов ат. ҚМУ журналистика және филология факультетінің студенттері Асланның авторлық орындауындағы өлеңдерін тыңдап, оған сұрақтар қойысты. Қостанайлық жас ақындар өздерінің өлеңдерін оқыды.

Бүкпесіз, ашық әңгіме болды. Бір-бірінің шығармашылығымен танысып, жыр оқуды жалғастыру керек екендігін айтысқан және өзара пікір алысқан жастар поэзияның ғажайып әлеміне еніп кете барды. Кездесу соңында қостанайлық танымал ақын Абылай Мауданов өлең жазуды енді бастаған жас ақындар үшін шеберлік сыныбын өткізді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus