Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Көшпелі көрме
02.12.2015

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, ЧелМУ Қостанай филиалындағы «Перспектива» ғылыми-білім орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Ұлы халықтың ұлы перзенті» өңірлік ғылыми-практикалық конференция аясында  көрме-бұқаралық жұмыстар бөлімі «Таулардан биік, теңізден терең» кітап-құжат көрмесін ұсынды.

Конференцияға қатысушылар – белгілі педагогтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, өлкетанушылар көрмеге қойылған материалдармен танысты. Олар өз баяндамаларында Шоқан Уәлихановтың ағартушы, саяхатшы, этнограф ретінде атқарған жұмыстарының маңыздылығы мен жерлесіміздің тұлға ретіндегі танымалдығын және оның еңбектерінің әлі күнге қазіргі кездегі ғалымдардың қызығушлықтарын тудырып келе жатқанынын атап өтісті.

М.В.Ломоносов ат. ММУ Орталық Азия және Кавказ елдері кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, Азия және Арика елдері институтының профессоры Жібек Сапарбекқызы Сыздықова конференцияның құрметті қонағы болды.

«Ақ қауырсын» клубының мүшесі, ҚМПИ 1 курс студенті Жұлдыз Қадырова «Ұрпаққа үлгі ұлы тұлға» тақырыбына баяндама жасады.

Шараның бағдарламасы «Жаным» сән театрына қатысушылар ұсынған Шоқан Уәлихановтың өмірінен алынған сахналандырылған көрініспен толықтырылды. 


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ