Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
«Жастар – ел болашағы»
27.11.2015

2015 жылдың 27 қарашасында Л.Толстой ат. ОӘҒК «Жастар – ел болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар: Марал ишан мешіті және Л.Толстой ат. ОӘҒК. Дөңгелек үстелдің мақсаты – жастардың өз еліне деген патриоттық сезімдерін ояту және отансүйгіштікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Арнайы шақырылған қонақтар:  облыстық Марал ишан мешітінің Наиб имамы – Икрамұлы Бақытжан, Дін агенттігінің іс басқарушысы – Сапарғали  Әбдиев, жастар саясаты  бөлімінің бас маманы – Қаратаева Айшагүл Ғалымжанқызы, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі – Ахменов Насрүлла және Марал ишан мешітінің азаншысы – Набиұлы Ғұмар.

Аудитория: ҚМПИ және ҚМУ оқытушылары мен студенттері.

Қазіргі заманғы қоғам қазақстандықтардың жаңа буынынан терең білімді, табандылықты, бастамашылықты, бәсекеге қабілеттілікті талап етеді. Соған орай бүгінгі жастарға не істеу керек, өзінің ынтасын қалай білдіру керек екендігі, жастардың қаңдай бағдарламалары жұмыс істеп жатқаны жайында айтып берген қонақтар қатысушылардың басқа да көптеген сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Дөңгелек үстел барысында бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі безендірілді. Көрмеге  30  кітап пен 10 журнал қойылды. Шараға 60 адам қатысты.  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ