Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тәуелсіздік – аңсар әнім»
15.12.2015

ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында ҚР Ұлттық гвардиясының 6697 ә/б жауынгерлері кітапханада қонақта болды.

Отан қорғаушылар кітапханамен және ҚР мемлекеттілігі, желтоқсан оқиғасы, тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кездегі жетістіктері жайындағы материалдар қойылған «Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» кітап көрмесімен танысты.

«Тәуелсіздік – аңсар әнім» атты мерекелік бағдарлама аясында тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетілді, ел тағдырын толғаған ән шырқалып, күй тартылды. Жұлдыз Тосова «Тәуелсіздіке арнау» атты өлеңін оқыса, Тәуелсіздіктің құрдасы Мөлдір Мұқышева ән салды. 

Қостанай облысы бойынша Қорғаныс ісі департаменті бастығының орынбасары майор М.Н.Нұрқанов шараға қатысып отырған жауынгерлерді еліміздің бүгінгі жетістіктерін сақтауға және көбейтуге шақырды. 

Шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірген жауынгерлер мұндай шараның тарихымызды, елімізді, халқымызды құрметтеуге үйрететінін атап өтісті. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus