Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Терроризммен күрес – ортақ міндет
19.02.2016

Л.Толстой атындағы ОӘҒК – да  «Терроризммен күрес – ортақ міндет» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қостанай облысы әкімдігінің дін істері әкімдігінің дін істері басқармасының бас маманы Әбдиев Сапарғали Әкімбекұлы, Қостанай облыстық «Марал Ишан» атындағы мешіттің найб имамы Сыздықов Дархан Манарбекұлы, Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының полиция полковнигі Сметановский Александр Юрьевич, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу » орталығының директоры Шаукенов Жанкелді Арсенұлы, ҚМПИ- ның философия ғылымдарының кандидаты Амантаева Айгүл Бақытжанқызы, тарих ғылымдарының кандидаты Исенов Өтеген Ихсанұлы, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Жастар бастамаларын дамыту » орталығының директорының орынбасары Төлеш Мағаз Маралұлы қатысып, бүгінгі көкейтесті мәселелердің бірі болып отырған діни алауыздық

проблемасы тұрғысында жастарға дұрыс мағлұматтар беру керектігі айтылды.

Қатысқан Қостанай академиясының, ҚМПИ, А.Байтұрсын атындағы ҚМУ–нің студенттері өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Бейнефильм көрсетіліп, ұйымдастырылған көрмеге 85-тен  астам кітап, баспасөз басылымдары қойылды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ