Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына арналады
26.02.2016

2016 жылы аталып өтілуі міндеттелген күндердің бірі белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және көсемі, алғашқы қазақ ұлттық Алаш орда үкіметінің басшысы  Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуы болды.

24 ақпанда «Оқымыстылар ортамызда» клубының аясында осы бір атаулы күнге арналған «Алаш Рухы» атты еске алу кеші болып өтті.

 Әлихан Бөкейхановтың өзінің барлық саналы өмірін қазақ халқының азаттығы мен саяси дербестігі жолындағы күреске арнағаны белгілі. Осы жайында және оның өмірі мен қызметіндегі қызықты оқиғалар туралы облыс орталығының ғалымдары: тарих ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ доценті У.Исенов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ оқытушысы Г.Ерменбаева, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Б.Нұрсейітов айтып берді.

Сөз сөйлегендер Әлихан Бөкейханов мерейтойының биыл ЮНЕСКО аясында аталып өтілетіндігіне және әрбір қазақстандықтың кезінде елінің тәуелсіздігі жолында өмірін қиған қазақ ұлтының абзал азаматтарын білуі тиіс екендігіне назар аударды. 

Шараға қатысқан Қостанай облысы ІІД Оқу орталығының оқытушылары мен тыңдаушылары Әлихан Бөкейхановтың еңбектері мен оның сан қырлы қызметі жайындағы материалдар қойылған «Алаш Рухы» кітап көрмесін шынайы қызығушылықпен тамашалады. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus