Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Оқырман бенефисі – «Менің жақсы көретін кітаптарым»
14.03.2016

Оқырман бенефисі – «Менің жақсы көретін кітаптарым»

 

 «Қанша кітап оқыдың, маңызды емес,

Оқылған дүниенің барлығы елес.

Алайда күнде кешке шамды жағып,

Жатқаның кітап оқып естен кетпес»

Б. Слуцкий

 

 

2016 жылдың 4 наурызы күні Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК дәстүрге айналып үлгерген «Менің жақсы көретін кітаптарым» атты оқырман бенефисі болып өтті. 

Оқырман бенефисі кітапханамыздың құрметті оқырманы – профессор, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ философия оқытушысы Юрий Яковлевич Бондаренкоға арналды.

Кездесу бенефициантты таныстырумен басталды.  Юрий Яковлевич өзінің балалық шағы, білім алуы, өміріндегі кітаптың рөлі туралы айтып берді.

Юрий Яковлевич  өзінің көбінесе тарихқа жақын екендігін, тарихпен мектеп қабырғасынан бастап айналыса бастағанын жеткізді. Алайда тағдыр оны өмір бойы философиямен айналысуға мәжбүр етті, ол тарих пен қазіргі әдебиетті зерттей жүріп облысымыздың белгілі оқу орындарында философияны оқытып келеді. 

Мектептен кейін Юрий Яковлевич ММУ тарих факультетіне түспей, философия факультетін таңдады және бұл жайында ешқашан өкінген емес. Философияны, тарихты, әдебиетті білуі оған педагог ретінде де, философ ретінде де, жазушы ретінде де көп көмектесті: оның жазған барлық мақалалары мен кітаптары өзгелерден өзгешелігімен, ойының кеңдігімен және оқиғаларды қамтуымен ерекшеленеді.

Кездесу барысында қонақтар «Юрий Бондаренко: педагог, философ, жазушы және ақын» көрсетілімін тамашалады.

Кездесу барысында қонақтардың қойған сұрақтарына Юрий Яковлевич ашық та жайдары жауап беріп отырды. Шара соңында авторлық өлеңдер оқылып, алғыстар айтылды.

Кездесу аясында қонақтарға «Ю. Я. Бондаренко – Профессор. Жазушы. Оқырман» кітап көрмесі ұсынылды. Ю.Я.Бондаренконың мақалалары, кітаптары, сондай-ақ Юрий Яковлевичтің өзі жайындағы қызықты ақпараттар келтірілген мақалалар қойылған көрме жиналғандардың зор қызығушылығын тудырды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus