Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ақпараттық хат
24.03.2016

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы

Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана

                                   

Ақпараттық хат

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих  ғылымдарының кандидаты Нәзира Қожахметқызы Дәулетованың 90 жылдығына арналған ІІ Дәулетова оқуларын өткізеді.

Кітапханашы мамандығының қоғамдағы рөлі мен беделін көтеру және Нәзира Қожахметқызы Дәулетованың ғылыми мұраларын насихаттау үшін 2014 жылы Дәулетова оқуларын өткізу туралы шешім қабылданды. 

Форумның жұмысына Н.Қ.Дәулетованың балалары мен немерелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының (Алматы қ.) бас мамандары, қала мен облыстың барлық жүйелері мен идараларының кітапханашылары, сондай-ақ мұражайлар мен мұрағаттардың қызметкерлері қатысады.

Конференцияның бағдарламасына Қазақстан мен Қостанай облысындағы кітапханатану, кітапхана ісін дамытудың өзекті мәселелеріне байланысты баяндамалар енгізілген.

Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қызметкерлері «Қостанай жерінің мақтанышы»: Қостанай облысының танымал тұлғаларының галереясы» (2016 ж.) библиографиялық көрсеткіші мен «Сирек кітаптар қорының өлкетану басылымдары бойынша жолсілтемесін» таныстыратын болады. 

Конференция аясында «Дәнді өлкенің шамшырақтары» кітап-зат көрмесі жұмыс істейтін болады.  

Конференция жұмысының соңында кітапхана қызметкерлері арасында өткізілген Н.Қ.Дәулетова ат. «Жыл кітапханашысы» облыстық кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы шығарылады.

 

Дәулетова оқулары 2016 жылдың 8 сәуірі күні болады.

Өткізу орны: І.Омаров ат. облыстық қазақ драма театры, 

                       Таран көш. 144.

Өткізу уақыты: 1000 - 1200


Байланыс телефоны:

390-490 – кітапханаларды дамыту бөлімі

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus