Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанайлық авторлар Наурызды атап өтті
25.03.2016

Тірі жанның жанына жылу жүгірткен тағы бір көктем келіп, өзінің әмірін жүргізе бастады. Наурыз мейрамы қарсаңында қонақжайда қостанайлық ақындар: ҚР ЖО мүшесі Ғ.Ахметчиннің, С.Оспановтың, Н.Мұқатовтың, профессор Ю.Бондаренконың, ақын Лоскутниковтың, «Ақ қауырсын» клубы мүшелерінің, тұрақты оқырмандардың, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты сазды-поэтикалық кеш болып өтті.

Жиналғандарға жылы лебіздерін білдірген қонақтар Наурыз мейрамының баршаның асыға күтетін мерекесі екендігін, оның жаңа өмірді ала келетіндігін және еліміздің барлық жерінде тойланатындығын атап өтті. Ақындар Наурыз жайында жазған өздерінің өлеңдерін оқыды.

№ 14 балабақшаның бүлдіршіндері орындаған ән мен күй, билер шараның мерекелік реңін арттыра түсті. Жүргізушілер «Қош келдің, әз Наурыз» кітап көрмесіне қойылған Наурызды мерекелеу жайындағы кітаптарға шолу жасады. Кездесу «Наурыздан дәм татайық» ұлттық тағам көрмесіне қойылған ұлттық тағамдардан: бауырсақтан, наурыз көжеден, женттен, құрттан, талқаннан, ірімшіктен және т.б. ауыз тиген мерекелік дастарқанмен аяқталды.

Наурыз мейрамы құтты болсын, баршамызға шаттық пен береке әкелсін!
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus