Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сирек кітаптар қорының өлкетану басылымдары бойынша жолсілтемесінің» тұсаукесері
25.03.2016

Сирек кітаптар қоры «Өлкетану басылымдары бойынша жолсілтемесін» шығарды, оған ХІХ ғасырдың соңы мен біздің заманымызға дейінгі Қостанай мен Қостанай облысының тарихын қамтитын дереккөздер жинақталып, қысқаша аңдатпа берілген. Барлық әдебиет тарихи және мәдени құнды дүниелер болып табылады.

18 наурыз күні кітапхананың жиналыс залында «Жолсілтеменің» тұсаукесері болып өтті. Оқырмандар үшін «Жолсілтемеге» енгізілген басылымдар қойылған көрмеге қысқаша шолу өткізілді. Театрландырылған түрде өткізілген тұсаукесерде Қостанай өңірінің ең маңызды тарихи оқиғалары: ХІХ ғасырдың соңындағы Қостанай уезіне қоныс аударушылар, Қостанай облысының құрылу кезеңі, тың көтеру кезеңі мен қазіргі кезең көрсетілді. Тұсаукесерге ЖОО мен колледждердің оқытушылары мен студенттері, Қостанай қаласының мұрағаттары мен мұражайларының қызметкерлері, кітапхана оқырмандары қатысты.

«Жолсілтемені» дайындауға тарих ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық инстиутының қашықтан оқыту факультетінің деканы Самаркин Сергей Владимирович қатысты. Ол басылымды дайындау барысында атқарылған жұмыстар, «Жолсілтемеге» енгізілген әдебиеттер туралы, өлкетанушылық әдебиеттің болашақ ұрпақ үшін, тарихшылар мен барлық туған өлкесін сүйетін азаматтар үшін маңызды екендігі туралы айтып берді.  Ынтымақтастығы үшін алғыс ретінде Сергей Владимирович Самаркинге, Қостанай тарихи-өлкетану мұражайына  және Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатына «Жолсілтеменің» бір-бір данасы тарту етілді.

«Өлкетану басылымдары бойынша жолсілтемені» оқырмандар Облыстық кітапхананың сирек кітаптар қорынан және сайттың «Қорлар – Сирек кітаптар қоры» бөлімінен таба алады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus