Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Н.Дәулетованың ізгілікті ісі жалғаса бермек
11.04.2016

2016 жылдың 7-8 сәуірі күні Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы мен Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих  ғылымдарының кандидаты Нәзира Қожахметқызы Дәулетованы еске алуға арналған ІІ Дәулетова оқуларын өткізді. 

Кітапханашы мамандығының қоғамдағы рөлі мен беделін көтеру және Нәзира Қожахметқызы Дәулетованың ғылыми мұраларын насихаттау үшін 2014 жылы Дәулетова оқуларын өткізу туралы шешім қабылданды.  

Алғашқы күні кітапханашылардың шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберліктерін арттыру, кітапхананың беделін көтеру, қоғамның кітапхананың жұмысын мойындауын қамтамасыз ету, шығармашылықпен жұмыс істейтін кітапханашыларды анықтау және ынталандыру, кітапханашылардың инновациялық жұмыстарына қолдау көрсету және көтермелеу мақсатында кітапхана қызметкерлері арасында Н.Қ.Дәулетова ат. «Жыл кітапханашысы» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Екінші күні Н.Қ.Дәулетованың балалары мен немерелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының (Алматы қ.), ҚР ҰАК (Астана қ.), М.Жұмабаев ат. ОӘҒК (Көкшетау қ.) бас мамандары, қала мен облыстың барлық жүйелері мен идараларының кітапханашылары, сондай-ақ мұражайлар мен мұрағаттардың қызметкерлері қатысқан республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

         Конференцияға қатысушыларды Н.Қ. Дәулетованың қызы, химия ғылымдарының кандидаты, «Petroleum» ЖШС басқарушы директоры Хакімжанова Ғалия Жақияқызы құттықтады.

        Нәзира Қожахметқызымен 40 жылдан астам бірге жұмыс істеген ҚР Ұлттық кітапханасының анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Рахимова Анар Кәріпбайқызы жерлесімізді жылы лебізімен еске алды.   ҚР ҰАК ақпараттық-мәдени бағдарламалар қызметінің менеджері Мукибек Ауыт конференцияға қатысушыларды құттықтап, өзінің Н.Қ.Дәулетоваға арнаған өлеңін оқып берді.

Конференцияның модераторы – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының жетекшісі Л.А. Сероус кітапханашылар тарапынан талантты жерлестеріміздің ғылыми мұрасын іздестіруге және зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтың артып келе жатқандығынан талқыланып отырған мәселенің маңызды және өзекті екендігін атап өтті. 

Л.Н.Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Д.Т.Дүйсебаеваның «Н.Дәулетованың үлгілі ісі үзілмек емес: «Қостанай кітапханаларының қазіргі кездегі жұмыстары», Ыбырай Алтынсаринның Қостанай облыстық мемориалдық мұражайының негізін қалаушы және алғашқы директоры, ҚР Мәдениет қайраткері Ұ.М.Рыщанованың  «Мәриям Хакімжанованың шығармашылық мұраларын Қостанай облысының кітапханаларында насихаттау» баяндамалары зор қызығушылықпен тыңдалды.  Облыстың мемлекеттік мұрағатының археографы А.Б.Балтабаева Қостанай облысының тарихына қатысты құжаттарды көрсетті. 

Кітапханатану ісінің, Қазақстан мен Қостанай облысындағы кітапхана ісін дамытудың өзекті мәселелері бойынша Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК меңгерушілері Б.М.Әлкебаева мен И.Г.Нагалюк баяндама жасады.  Мамандар «Қостанай жерінің мақтанышы»: Қостанай облысының танымал тұлғаларының галереясы» (2016 ж.) библиографиялық көрсеткіші мен «Сирек кітаптар қорының өлкетану басылымдары бойынша жолсілтемесін» (2016 ж.) көпшіліктің назарына ұсынды.

Конференция аясында І.Омаров ат. облыстық қазақ драма театрының фойесінде «Дәнді өлкенің шамшырақтары» кітап-зат көрмесі жұмыс істеді.             
          Мемлекеттік мұрағаттан алынған мұрағат материалдары мен фотоқұжаттар және  Ы.Алтынсаринның мемориалдық мұражайынан алынған талантты жерлестеріміздің мемориалды кешендері конференцияға қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды.

Конференция жұмысының соңында кітапхана қызметкерлері арасында өткізілген Н.Қ.Дәулетова ат. «Жыл кітапханашысы» облыстық кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды. Жинаған балдарының көлеміне қарай байқауға қатысушылардың алған орындары төмендегідей болды:

Гран-при:Рыспаева С.К. (Қостанай қ. ОКЖ)

Іорын:Олжағұлов Е.Б. (Амангелді ОКЖ)

ІІ орын: Грибовский Р.А. (Арқалық қ. № 2 ОӘҒК)

ІІІорын:Мамро С.Ю. (Таран ОКЖ)

 

«Кәсіби жұмысын жетілдіруге деген ынтасы үшін» номинациясы бойынша Р.М.Арыстанова (Меңдіқара ОКЖ) дипломмен марапатталды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus