Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Жаңаша көзқарастар мен инновациялар тұрғысындағы Қазақстан тарихына қатысты дереккөздер
18.04.2016

«Тарихты түсіну, өткенді зерттеу және оған әділ баға беру – мұның барлығы терең білім мен жоғары жауапкершілікті талап етеді».

Н.Назарбаев

 

         Кітапханада «Дереккөздердегі Қазақстан тарихы» кітаптар сериясының таныстырылымы болып өтті.  Шара барысында келушілер «Мәдени мұра - Культурное наследие» мемлекеттік бағдарламасы аясында ежелгі дәуірден қазіргі кезге дейінгі Қазақстан тарихы бойынша кітаптар, соның ішінде Геродоттың, Птолемейдің еңбектерін, сондай-ақ біршама маңызды болып табылатын араб, парсы, түркі тілді, қытай, моңғол, орыс және батыс жазба дереккөздерін шығару мақсатында «Қазақстан тарихына қатысты жазба дереккөздер» жобасының дайындалғанын естіп білді.

            Әлемдік өркениеттің қазынасына қосқан Қазақстанның елеулі үлесіне айналған көп томды басылымдарда қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасының бар байлығы мен сан алуан түрі жинақталған. Кітаптардан археология, тарихи және мәдени ескерткіштер, археологиялық қазбалар туралы, әлемнің кітап қоймалары мен мұрағаттарында жүргізілген іздестіру экспедициялары туралы, қазақ халқының музыкалық мұрасы туралы мәліметтер табуға болады. 

         Шараға қонақ ретінде ЧелМУ ҚФ әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты А.Б.Шалғымбаев, ҚМПИ профессоры, Қостанай қаласының құрметті азаматы, өлкетанушы, Қостанай облысының тарихы бойынша шыққан кітаптар мен монографиялардың авторы И.К.Терновой, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ қашықтан оқыту факультетінің деканы С.В.Самаркин,  әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының доценті,  тарих ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ ҚФ тарихы пәнінің оқытушысы П.С.Шаблей қатысты. Шараға сондай-ақ «Парсы жылнамалардағы Қазақстан тарихы» тақырыбы бойынша ғылыми жұмыспен айналысып жүрген Қостанай физика-математика лицейінің оқушысы Дарина Шуинова мен оның жобасының ғылыми жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі А.В. Иващенко шақырылды.

         Абонементтер бөлімі дайындаған шара «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталықтың тыңдаушылары, студент жастар, тарихты ұнатушылар, кітапхана оқырмандары тарапынан оң бағаға ие болды.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ