Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Көптен күткен «Кітапхана түні – 2016»
27.04.2016

22 сәуірде кітапханада өткен «Кітапхана түні» дәстүрге  айналып үлгерді.  Осы кеште облыс кітапханалары, кітап дүкендері, баспалар мен қолы бос өнер адамдары өз жұмыстарының уақыттары мен нысандарына өзгеріс енгізді. «Кітапхана түні – 2016» аясында кітапханада ұйымдастырылған 12 алаңшада 50 астам түрлі шара өтті. 

Келушілердің көп болғанына қарамастан олардың әрқайсысы өзіне қажеттісін таба алды: біреулер ретросуретке түсу үшін кезекке тұрса, біреулері стеллаждағы кітаптарды қарап және өзіне ұнағанын алып жатты, екіншілері жиналыс залындағы концерттен ләззат алса, кейбіреулер әдеби кафеде көңілді әңгіме соғып жатты.

Осыған қарап-ақ мұндай акциялар өте пайдалы деген қорытынды жасауға болады. Бұл тіпті де адамдар бірден кітап оқуға кірісіп кетеді дегенді білдірмейді, жай ғана олардың өздеріне қажеттісін таба білуі де жетістік болып табылады.  Отбасыңмен немесе достарыңмен кешті көңілді өткізсең, бір жылға жететін әдебиет сатып алсаң және жазушының қолтаңбасын алсаң болды.   Ең бастысы кешке келген әркімнің үйлеріне көңілді қайтуы аса маңызды еді. Ал бұл кеште болған кез келген кісінің көтеріңкі көңілмен кеткендеріне еш күмән жоқ. 

 

Толық ақпаратты төмендегі сілтемелерден алуға болады:

http://kostanaytany.kz/archives/38505

http://kstnews.kz/news/society?node=29692

http://top-news.kz/index.php?np=00018739&nl=1&tp=N&MWp=---&AWp=&Wp=2&Kd=24069461

http://www.ng.kz/modules/news/article.php?storyid=21875


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ