Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
ҚР АҚШ елшілігі қызметкерлерінің сапары
14.11.2013

Қарашаның басында «Америка бұрышы» АРО ҚР АҚШ елшілігінен келген кісілер қонақ болып кетті. 

Сапар нәтижесінде 7-9 сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқыту бойынша шағын стипендиялы «Accsess Program» (Доступ) дүниежүзілік бағдарламасы ашылды. Қостанайда оған материалдық жағдайы төмен отбасыларында тәрбиеленіп жатқан және күнделігінде білімін дәлелдейтін жақсы бағалары бар жиырма оқушы кіре алатын болды.

Жаңа бағдарлама қатысушыларға ағылшын тілін жетілдіруге және болашақта жемісті еңбек етулеріне мүмкіндік беретін болады. Балалар мәдени және білім беру салалары бойынша өткізілетін халықаралық бағдарламаларға қатыса алады және бағдарлама соңында оларға ҚР АҚШ елшілігінің сертификаты табыс етіледі.

Қонақтар клубтар мен ағылшын тілін оқыту курстарының жұмыстарына қатысты, білім беру бағдарламаларының түлектерімен, ЖОО студенттерімен кездесіп, «АҚШ жастар саясаты» тақырыбына пікір алмасты, Америка бұрышының жұмыстарына жан-жақты сараптама жасады.  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ