Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әлем. ХХI ғасыр» манифесі Кітапханада құжаттың маңыздылығын атап өтті
06.05.2016

«Мен «Әлем. ХХIғасыр» манифесін ұсындым.  Оның мақсаты – жер бетіндегі соғысты тоқтату.  Бұл ғасыр барлығының ерік-жігерінің арқасында сындарлы сұхбаттар  дәуірі болуы тиіс».

Н. Назарбаев

 

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздіктің IV Саммитінде ортаға салған «Әлем. ХХI ғасыр» манифесі БҰҰ Бас ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаттарында жоғары мәртебеге ие болды.

Кітапханада абонементтер бөлімінің қостанайлық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамымен бірлесе отырып ұйымдастыруымен «Президенттің бейбіт бастамалары. Жасампаздық энергиясы»дөңгелек үстелі болып өтті.Шараға тарих ғылымдарының докторы, ҚМПИ профессоры Е.А.Әбіл, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ философия кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі, «Қазақстанның философиялық конгресі» ҚБ Солтүстік Қазақстан бөлімінің жетекшісі Д. А. Качеев, «Этносаралық және дінаралық келісім мәселелерін зерттеу» орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ж.А.Шаукенов, сондай-ақ «Өрлеу» біліктіліктті арттыру ұлттық орталығының» мамандары мен қостанайлық ЖОО студенттері қатысты.

          «Әлем. ХХI ғасыр» манифесіне пікірін білдірген шараға қатысушылар қазақстандық саясатшының бастамасының маңыздылығы оның болашаққа бағытталғанымен ерекшеленетінін атап өтісті,  тыңдаушылардың назарын «Әлем. ХХI ғасыр» манифесінің негізгі бөлімдеріне аударды және барлығын жер бетінде бейбітшіліктің болуы үшін ұсынылған идеяны жүзеге асыру жолында саяси қолдау білдіруге шақырды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus