Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Халықаралық әдеби телекөпір
06.05.2016

Облыстық кітапхананың әдеби орталығын Кстово қ. (Ресейдің Нижнегород облысы) кітапханасының әдеби орталығымен байланыстырған кезекті телекөпір Ұлы Отан соғысына арналды. Кездесудің тақырыбы – «Бұл біздің ортақ жеңісіміз».

Кездесуді бастаған кітапхана директоры Д.Дүйсебаева кітапханамыздың соғыс жылдарындағы тарихы туралы айтып берді.

Е.Өмірзақов ат. облыстық филармонияның «Славянская песня» вокалдық тобы «Жорық жылдарындағы жырлар» атты музыкалық сәлем жолдады.

Кездесудің бағдарламасы қомақты болды. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне: мамандығы бойынша педагог, зағип ақын Татьяня Петровна Смышляеваға (Қостанай), Тынық мұхиты және Қара теңіз флоттарының теңізшісі Геннадий Ипполитович Богатовқа, Қазақстанның тумасы Михаил Александрович Денисовқа (Кстово) ерекше көңіл бөлінді.  Ардагерлердің баяндамаларын ерекше толғаныспен тыңдаған телекөпірге қатысушылар оларға өздерінің алғыстарын білдіріп, гүл шоқтарын сыйлады.

         Әріптестерімізден көптеген қызықты нәрселерге қанық болдық: бізді Кстово аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.В.Захаров, Кстово аудандық ОКЖ директоры Г.В. Горчакова құттықтады.  М. Шувалова «У вечного огня» өлеңін оқыды, нижнегородтық және кстоволық майдангер жазушылар туралы О.В.Захаров, кстоволықтардың Жеңіске қосқан үлесі туралы кстоволық өлкетанушы, Кстово ауданының құрметті ардагері С.С.Марков әңгімелеп бірді.

О.Рябовтың «Дорогами отца 1941-1945 гг.» және Бүкілресейлік әзірбайжандар конгресі бөлімінің жетекшісі А.А.Самедовтың «Мы победили вместе» кітаптары көрсетілді. 

Нижнегород өлкелік «Иран тілді халықтар конгресі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Эрадж Боевтың, Кстово өлкетану мұражайының директоры А.А.Трусовтың,  Наталья және Вероника Стручковалардың, Андрей Подолецкийдің баяндамалары жалынды және есте қаларлық болды.

Біздің жақтан қатысушыларды құттықтау үшін Ардагерлер кеңесінің өкілі Ю.А.Харьяков, ҚІӘҚ ҚБ төрағасының орынбасары А.М. Дуанбаева келді. С. П. Борзенкова әкесінің – Ұлы Отан соғысына қатысушының жазу кітабы туралы айтып берсе, қостанайлық ақын, полиглот В.А. Лоскутников соғыс жайындағы өзінің өлеңдерін оқып берді.  Қостанай қ. №4 ОМ ҰОС мұражайының жетекшісі Ж.Е.Палько балалармен бірге 151-ші жеке атқыштар бригадасы туралы тартымды әңгімелеп берді. Валерий Гумиров пен Қымбат Аманжолдың орындауында соғыс жайындағы өлеңдер мен әндер тыңдалды.

Телекөпірді жүргізуші, белгілі қостанайлық ақын А.И. Суслова кездесу барысында қазақстандықтар мен қостанайлықтардың Жеңіске қосқан үлесі жайындағы ақпаратты ұсынды. Сөзінің соңында А.Суслова өзінің «Всё это было до меня» өлеңін оқыды. 

Сөз сөйлеген әр адам отбасына соғыстың қалай әсер еткені, майданға аттанған туыстары жайында айтып берді.

Бұл телекөпірдің ортақ тарихымыз үшін мақтаныш сезімін басынан кешкен барлық қатысушылардың естерінде қалатыны сөзсіз.   

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus