Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Профессор Қалқаман Жақыптың ашық дәрісі
12.05.2016

11.05 қонақжайда «Оқымыстылар ортамызда» клубының жұмысы аясында философия ғылымдарының кандидаты, философия кафедрасының профессоры, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ мұражайының меңгерушісі Қалқаман Хасенұлы Жақыптың ашық дәрісі болып өтті. Аудиторияны заманауи жаңа мемлекет құрып жатқан дәуірмен және «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясының жүзеге асырылуы туралы жан-жақты таныстырған профессор «Мәңгілік ел – тәуелсіздік тірегі» тақырыбына дәріс оқыды.

Кездесу басында Қалқаман Хасенұлын 70 жасқа толуымен құттықтаған бөлім меңгерушісі Д.Дәуренбекова оны кітапхананың белсенді және байырғы оқырманы, сондай-ақ кітапхананың жанашыры ретінде таныстырды.

Белгілі ғалым, азаматтық ұстанымы берік және отаншыл Қалқаман Хасенұлы балаларға Қазақстан халқы ассамблеясындағы көп жылдық жұмысы туралы да айтып берді. Әсіресе студенттерді қазақстандық қоғамның қазіргі кездегі қоғамдық-саяси өмірінде орын алып жатқан өзекті мәселелер көбірек қызықтырды. Көңілден шыққан және қызықты сұхбат болды. Сұрақтарға жауап бере келіп профессор өскелең ұрпақтың өміршең сауалдары үшін, еліміздің өміріне қатысты белсенді ұстанымдары үшін қуанышты екендігін жеткізді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus