Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Кітаптың тұсаукесері
19.05.2016

17.05 қонақжайда қостанайлық автор Татьяна Алексеевна Кайгородцеваның «Музыка ветра» атты тағы бір кітабының тұсаукесері болып өтті. Кітап 100 дана көлеммен Қостанай баспа үйінен жарық көрді. 

Барлық өлеңдер ақынның туған жері – Қазақстанға деген махаббатқа толы.  Жинаққа «О чем шептались тополя?» повесі мен «Метелица» және «Колокольчик» секілді екі ертегісі кірді. 

Татьяна Алексеевнаны жаңа кітабының жарық көруімен құттықтаған қостанайлық авторлар – Ю. Бондаренко, Н.  Ковтун, Н. Кочин, А. Каратаев, А. Денисов, Е. Заболоцкая өз сөздерінде аталған жинаққа енген шығармалардың ойының кемелдігімен және мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетінін атап өтісті. 

Авторды құттықтауға балалары да келіп, немерелері Татьяна Алексеевнаның өлеңдерін оқыды, Николай Кайгородцев өзінің туған қаласына арнаған музыкалық композициясын орындады. 

«Толстовканың» кітапханашылары кітаптың сұраусыз қалмайтынына сенім білдірісті.  Қатысушылар кітапқа сәт сапар, авторға денсаулық пен шабыт тілесті.


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ