Л.Толстой ат. Қостанай облыстық
әмбебап ғылыми кітапханасы
БАС
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Жұматаева Инабаттың «Болашағым Отаныммен байланысты» атты көрмесінің ашылуы.
20.05.2016

          2016 жылдың 12 мамыры күні Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК Қостанай мемлекеттік педагогикалық  институтының студенті  Жұматаева  Инабаттың ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Болашағым Отаныммен байланысты» атты көрмесінің ашылуы өтті. 

           Инабат аудандық және облыстық байқауларға қатысушы болып табылады. 2014 жылы Денисов аудандық жас суретшілер байқауында «кескіндеме және графика» номинациясы бойынша 1 орынды иеленді. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арнап ұйымдастырған байқауда 2 орынды жеңіп алды. 2015 жылы жас суретшілердің «Жас толқын» облыстық байқауына «Графика» номинациясы бойынша қатысты.

Көрменің салтанатты ашылуы барысында сөз сөйлеген Б.Баталова, А.Сапиев секілді облыстың танымал суретшілері мұндай көрмелерді жиірек өткізу керек екендігін, себебі осындай көрмелер арқылы облыс халқының жас таланттар мен жаңа есімдерді білетінін атап өтісті. Келушілердің назарына жас суретшінің 30 жуық жұмысы ұсынылған. Онда архитектуралық құрылыстар, қала пейзажы, табиғат, дала көрністері бейнеленіп, автордың Отанға, туып өскен қаласына, өлкесі мен өнерге деген махаббаты көрініс тапқан.  


ӨзектіЖаңалықтарҚостанай облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған және ақталған тұлғалар тізіміМемлекеттік рәміздерТолық мәтінді деректер базасыҚұжаттарды электронды жеткізуКітапты ұзартуБасылымдарЖаңа кітаптарҚорларКәсіпқойларғаВиртуалды көрмелер Жобалар, акцияларВиртуалды ақпараттық қызметЖедел сауалнамаСайт картасыПАРАСАТ ЖОЛЫ